БастыҚоғам

Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қосымша жедел жәрдем көліктері келді

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем қызметі 17 жаңа реанимобиль кілтін алды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Машиналарда барлық қажетті жабдықтар бар, бұл шақырылған жерде де, науқасты ауруханаға жеткізгенде де қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ҚЖМЖС қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жұмыстарына алғыс айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы және тиімді қызмет көрсету үшін жедел жәрдем көліктерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Біз бұл міндетті орындадық. Өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 52 автокөлік, биыл тағы 35 техника сатып алынды. «103» автопаркі 100% жаңартылды деп айта аламыз. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Мықты денсаулық тілеймін, өйткені биыл біз денсаулық адамның басты байлығы екенін сезіндік. Сіздердің күш-жігерлеріңіз, тәулік бойғы жұмыстарыңыздың арқасында көптеген қазақстандықтар мерекені отбасыларымен атап өтеді», – деді Бақтияр Мәкен.

Айта кетейік, бір жылдан астам уақыт ішінде жедел жәрдем станциясының автопаркі 2,5 есе артты.  Күзде жаңа мамандандырылған көліктердің кілттерін қала әкімі Алтай Көлгінов тапсырды. Осылайша, қазір Нұр-Сұлтан жедел жәрдем қызметінің балансында 129 көлік бар. ҚЖМЖС жылына 600 мыңнан астам қоңырауға қызмет көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button