БастыҚоғам

Қарағандының жас дәрігерлері пәтер алды

Майқұдықтағы Магнитогорская көшесіндегі бұрынғы аурухананың ескі екі қабатты ғимараты жас дәрігерлер үшін ыңғайлы үйге айналды. Олардың барлығы Қарағанды медицина университетінің түлектері. Жас мамандардың көпшілігі №1 қалалық ауруханада жұмыс істейді. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kaznovosti.kz хабарлайды.

Жаңа үйде облыс әкімі Жеңіс Қасымбек болып қайтты.

– Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. Биылғы жылы денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерлері үшін де, жалпы облыстың медициналық мекемелері үшін де көп нәрсе істей алды деп санаймын. Келесі жылы Оңтүстік-Шығыстағы көпсалалы балалар ауруханасының құрылысын аяқтау, онкодиспансердегі операциялық блокты бастау және аяқтау жоспарлануда. Өңіріміздің барлық аудандары мен қалаларында орталық медициналық мекемелерге түрлі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар сатып алынды. Облыстағы медицина бюджеті екі есеге жуық өсті, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жеңіс Қасымбек жаңа қоныстанушылармен танысып, жұмыс сапасына баға берді. Мердігер компания барлығын өзгерткен. Тек сыртқы қабырғалар мен шатыр құрылымы ғана өзгеріссіз қалды. 1948 жылы салынған ғимаратта ағаш едендер бол,ан, олар да ауыстырылды. Бүгін мұнда аумақ абаттандырылып, балалар алаңы орнатылды.

– Пәтерлерді кімге тапсыру керектігін біз әлеуетті мамандықтар қағидаты бойынша комиссия көмегімен шештік. Бұл терапия, хирургия, гинекология, травматология және т.б.  Жас мамандардың көпшілігі – біздің резиденттер, олар үшін біз оқу ақысын төлейміз, – дейді №1 көпсалалы аурухананың директоры Дмитрий Чернов.

Үйде он бір бөлмелі және екі екі бөлмелі пәтер бар. Олардың әрқайсысындағы ас үй жиһазбен және микротолқынды пеш, тоңазытқыш, кір жуғыш машина секілді қажетті жабдықтармен жабдықталған.

– Мен облыстық перинаталдық орталықта екі жыл жұмыс істеймін. Бұған дейін отбасымызбен екі жыл жалдамалы пәтерде тұрдық. Менің бес және алты жастағы екі балам бар. Қуанышымды сөзбен жеткізу қиын, – деп бөлісті реаниматолог дәрігер Жанар Оразбаева.

Тағы бір жаңа пәтер иесі, терапевт Собиржон Юнусов енді өз пәтеріне ақша жинауды жоспарлап отыр. Жігіт Қазақстанның оңтүстігінен келген, бірақ Қарағандыда қалып, жұмысын жалғастыруға ниетті.

Жалға берілетін тұрғын үйде тек коммуналдық қызметтерді төлеу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button