БастыЭкономика

2020 жылы АӨК жалпы өнімінің көлемі 6 трлн. теңгеге жуықтады – ҚР АШМ

Ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның АӨК барлық бағамдар бойынша жоғары өсім көрсетті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 11 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,3%-ға артып, 5,9 трлн. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 4,7%-ға – 454,2 млрд. теңгеге дейін, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 18,6%-ға (86,5 млрд. теңгеге дейін) өсті.

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 871,5 млн. АҚШ долларынан 1 млрд. АҚШ долларына дейін артқан», – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button