БастыМәдениет

Ақтоты Райымқұлова Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн форматта Ресей Федерациясының Мəдениет министрі Ольга Любимова жəне Қазақстанның Ресейдегі Төтенше жəне Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаевпен кездесті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Тараптар екі мемлекет арасындағы келесі жылға арналған мəдени-гуманитарлық саладағы кешенді жоспарды бекіту, 2021 жылы елімізде Ресей Федерациясының мəдениет күндерін өткізу, мəдени-гуманитарлық əріптестік жөніндегі кіші комиссияның екінші отырысын ұйымдастыру жайлы сөз қозғады.

«Биыл пандемия салдарынан екі елде де бірлескен мəдени іс-шаралар өткізудің реті келмеді. Осыған байланысты барлық санитария мен карантин шектеулері аяқталған соң келесі жылға арналған мəдени-гуманитарлық саладағы кешенді жоспарды бекітуді ұсынамын. КСРО кезеңінде түсірілген қазақ кинематографиясының алтын қорын Ресейдің мемлекеттік кино қорының архивінде сақтап отырғандарыңыз үшін рақмет айтамын. Алдағы уақытта біз қазақ фильмдерінің сандық форматтағы жинағын жасағымыз келеді. Осыған байланысты біз 2021 жылы Ресейдің Мемлекеттік кинофильмдер қорындағы 5 фильмді цифрландыруды сұраймыз. Сандық форматқа ауыстыру үшін туындының түпнұсқасын керек екенін анық. Қазақстан мен Ресейдің кинематография саласындағы ынтымақтастығын арттыру мақсатында бұл салада мемлекетаралық келісімге қол қоюды ұсынамыз»,-деді министр.

Кездесу барысында Ақтоты Райымқұлова биыл Қазақстанда Ресейдің мəдениет күндерін ұйымдастыруға бюджеттен қаржы бөлінбегенін, сондықтан Министрлік бұл жайлы қосымша өтініш дайындайтынын жеткізді.

«Бұл бағыттағы жұмыс анықталса, Ресейдің мəдениет күндері 2021 жылы өтеді. Сонымен қатар келесі жылы қыркүйекте «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Ресейде Үлкен театрға гострольмен барады. Ұжым А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы М.Жаррдың «Собор Парижской Богоматери» балетін ұсынады.

Осы орайда біз мəдениет пен өнер саласында екі жақты мастер-класс өткізуде ұсынамыз. Сонымен қатар мерейтойлар аясында Мəскеу мен Санкт-Петербург қаласында Кеңес одағының халық артисі Əлібек Дінішевтің 70 жылдығына орай гастроль, жазушы, əдебиеттанушы Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына орай Мəскеу қаласында əдеби кеш, Мәскеудегі Третьяков галереясында суретші Алпысбай Қазығұловтың жеке көрмесін ұйымдастыруды ұсынамыз.

Сізден осы мақсатта аталған өнер ошағындағы концерт залы мен алаңды берулеріңізге сұраймыз»,-деді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button