
Астрахань облысына жұмыс сапарының шеңберінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Володар ауданының Алтынжар селосындағы Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталыққа барды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kaznovosti.kz хабарлайды.
Орталық 2005 жылы ұлы қазақ күйшісінің мазарының қасында ашылған. Өткен уақыт ішінде кешен өңірдің маңызды туристік объектісіне айналды, оған жыл сайын әлемнің көптеген елдерінен мыңдаған тауап етушілер мен туристер келеді.
Е. Көшербаев жергілікті қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті. Қандастарды толғандыратын өзекті, бірінші кезекте қазақ тілін үйренуге қатысты мәселелер қозғалды. Осыған байланысты Қазақстанның Астраханьдағы Бас консулдығының жетекшісі Тауболды Үмбетбаев өңірдің мәдениет және туризм министрі Ольга Прокофьеваға қазақ тілінде оқытатын сыныптары бар екі мектепке онлайн-оқыту үшін «Отандастар» Қоғамдық қорының жәрдемімен сатылып алынған компьютерлік техниканы табыстады.