БастыСаясат

Елшіліктер шетелдік БАҚ пен сарапшыларға еліміздің парламенттік сайлауға дайындығын таныстыруда

Онлайн-брифинг барысында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов қоғамдық-саяси және іскерлік орта өкілдерін, сондай-ақ БАҚ өкілдерін еліміздің алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына дайындық барысы туралы ақпаратпен таныстырды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Дипломат сайлау конституциялық мерзімде өтетінін, ал олардың заңдылығы мен ашықтығын Орталық сайлау комиссиясы, ҚР Бас прокуратурасы, халықаралық бақылаушылар, соның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы қадағалайтынын атап өтті.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов ақпараттық-талдамалық бағыттағы жергілікті басылымдардың редакторлары мен сарапшыларын алдағы сайлау мемлекеттің елді одан әрі саяси жаңғырту бағытын дәйекті іске асыру шеңберінде өтіп жатқаны туралы хабардар етті.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамасы бойынша саяси партияларды тіркеу шегі екі есеге азайтылды, бейбіт жиналыстар туралы жаңа прогрессивті заң қабылданды, сондай-ақ парламенттік оппозиция институтының мүмкіндіктері едәуір кеңейтілді және мазмұны жаңартылды. Испандық журналистер саяси партиялардан жаңа парламент құрамына үміткерлердің тізімінде 29 жасқа дейінгі жастар мен әйелдердің кемінде 30 пайызы бар екенін оң бағалады.

Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Болат Иманбаевтың брифингі толық форматты режимде болу елінің жетекші жаңалықтар агенттіктерінің, телекомпаниялардың, баспа және онлайн БАҚ журналистерінің қатысуымен өтті.

Брифинг барысында қатысушылар назарына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында тұжырымдалған Қазақстан дамуының басым бағыттары, елдің парламенттік сайлауға дайындық барысы, ағымдағы сайлау науқаны, оған қатысушы партиялар, жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес сайлау өткізуге бағытталған саяси өзгерістер туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Мәжілісінде өкілдік ету тетігі малайзиялық журналистердің ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл барлық этникалық топтардың мүдделерін біріктіретін елдің саяси жүйесінің маңызды элементі. Бұл тәсіл Малайзияға өте жақын, өйткені екі елде де көп ұлтты және көп мәдениетті қоғамдар бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button