
2020 жылғы 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 10 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
1 759 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 610 адам, анықтамасыз 149 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 381 жолаушы, анықтамамен – 1 239, анықтамасыз – 142;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 378 жолаушы, анықтамамен – 371; анықтамасыз – 7.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 21 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 78 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.