Бастыпроисшествие

49 млн. теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша сот үкімі шықты

49 млн. теңге болатын резеңке кілемшелер мен жұмсақ ойыншықтарды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізбек болған. Бұл туралы Kaznovosti.kz Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «SAT SAPAR TRANS COMPANY» ЖШС басшысы қатысты ҚР ҚК 234-бабы 1-б. (экономикалық контрабанда) сәйкес тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі бойынша, атап айтқанда, ҚХР-нан «Теміржол» кеден бекеті арқылы Семей қаласына бағыт алған теміржол контейнерлерден анықталған жалпы сомасы 49 млн. теңге болатын резеңке кілемшелер мен жұмсақ ойыншықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде, сот үкімі бойынша айыпталушы ҚР ҚК 234-бабының 1-б. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button