БастыДенсаулық

Мамандар кеңесі: мереке мен демалыс күндері қарсаңында COVID-19 алдын алу шаралары

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова, Нұр-сұлтан ҚДСБ МСАК жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әлия Өмірзақова және Көпбейінді медициналық орталықтың инфекционист-дәрігері Гүлнар Нәжімованың брифингі өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Баспасөз конференциясы барысында мамандар санитарлық бақылау шаралары туралы айтты, мереке мен демалыс күндері қарсаңында коронавирус инфекциясының алдын алу ережесімен  бөлісті, сондай-ақ журналистердің сұрағына жауап берді.

Пандемия кезінде өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін

Адам көп жиналған жерде және іші нашар желдетілген нысанда ұзақ тұрып қалсаңыз, COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары болады.  Мұндай жағдайда вирус  ауа тамшылары  немесе аэрозоль арқылы тарайды.

Егер үйден шығу керек болса, онда профилактикалық шараларды сақтаңыз: медициналық маска тағыңыз және нысанды жиі желдетіңіз. Эпидемиологиялық қауіпсіздік үшін кездесулерді ашық аспан астында көшеде өткізген дұрыс.

Сонымен қатар,  COVID-19 инфекциясының алдын алудың 7 талабын есте сақтаңыз:

1.Бөтен адаммен байланыста болғаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;

2.Қоғамдық орындарда медициналық маска тағыңыз және әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз;

3.Гаджет, кеңсе жабдықтарын және пайдаланылған заттарды дезинфекциялау қажет;

4.Қоғамдық орындарға  бармаңыз (ОСО, спорттық іс-шара, қоғамдық көлік);

5.Біреумен құшақтасып, қол алыспаңыз;

6.Суық тиіп ауырып жүрген  адамға жақындамаңыз;

7.Гигиена құралдары мен ыдыс-аяғыңыз жеке болсын.

Ауру асқынған кезде сыртқа шықпаңыз,  қоғамдық көліктерге мінбеңіз. Ал дегенмен баратын жеріңіз болса,  көлік кептелісі болатын сағаттарда шықпаңыз, ара қашықтық сақтап, тұтқа және өзге де заттарға  қол тигізбеуге тырысыңыз.

Мереке күндері тамақтан уланып қалғанда не істеу керек?

Тағамдық токсикоинфекция – бұл патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдермен (бактериялармен) және олардың уыттарымен инфекцияланған тағамнан туатын жіті ішек аурулары. Бұл аурулар жалпы токсикоз және айқын гастроэнтерит ретінде көрінеді, кейде температура көтеріледі, су-тұз алмасу бұзылады және жүрек-тамыр аурулары пайда болады.

Тамақтан уланудың алдын алу үшін  мынадай негізгі ережелерді сақтау керек:

Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, тамақ пісірер кезде және жануарларға күтім жасағаннан кейін қолыңызды жуыңыз;

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен  күмәнді өнімдерді, сүт және сүт өнімдерін сатып алмаңы;

Құс еті мен жұмыртқаны әртүрлі пакеттерде сақтаңыз және етті кем дегенде бір сағат пісіріңіз;

Пісірілген тағамның қалғанын тоңазытқышта сақтаңыз, шикі және дайын өнімдерді бөлек ұстаңыз, арнайы тақтада таза пышақпен кесіңіз;

жұмыртқаны кем дегенде 15 минут пісіріңіз, шикі жұмыртқаны жемеңіз;

Дүкендегі құс еті +2-3С температурада 2 тәуліктен аспай, жұмыртқа бөлме температурасында 25 тәуліктен аспай сатылуы тиіс;

Тағамды сақтау, тасымалдау, аспаздық өңдеу кезінде тағам өнімдерін инфекциядан қорғау қажет.

Өңірлерде шектеу шараларын күшейту туралы шешім қалай қабылданады?

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысына сәйкес карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты және эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың арнайы әзірленген матрицасына сәйкес.

Критерийлер: 7 күнде ауру 100 мың адамға шаққанда 50 жағдайдан көп және R 1-ден көп – қатаң шектеу шаралары енгізу (қызыл аймақ);

Өсу үрдісі бар 100 мыңға 25-тен 50-ге дейін сырқаттанушылық (R>1) не төмендеу үрдісі бар 100 мыңға 5 -ден астам сырқаттанушылық R <1-шектеу шаралары бұрынғы көлемде қалуы тиіс, бұл ретте олардың сақталуын бақылау күшейтілуі тиіс (сары аймақ);

100 мың адамға шаққанда  ауру аптасына 25 жағдайдан төмен. R бірліктен асады немесе ауру 100 мың адамға шаққанда 50 жағдай деңгейінен төмен, R 1-ден аз – шектеу шараларын жеңілдету (Жасыл аймақ).

Жаңа жылдық іс-шара, шырша, корпоратив өткізуге рұқсат етілген бе?

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің № 57 қаулысына сәйкес, адамдардың адам көп жиналатын барлық мерекелік шараларға тыйым салынады. Оларға жаңа жылдық іс-шаралар, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес карантин кезеңінде қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу жатады.

Қарапайым гигиена ережелерін сақтаңыздар:

Қолды үнемі құрамында спирті бар сұйықтықпен тазалаңыз немесе сабынмен жуыңыз. Сонда қолдағы микроб, вирус өледі.

Мүмкіндігінше қолмен көз, мұрын мен ауызды ұстамаңыз. Адам күнде түрлі затты ұстайды, қолда вирус қалып қоюы мүмкін. Ал қолдағы вирус көзге, мұрынға немесе ауызға түсуі мүмкін. Вирус әріқарай ағзаға еніп, ауру тудырады

Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды шынтақпен немесе шүберекпен жабыңыз. Пайдаланған шүберекті дереу беті жабық қоқыс жәшігіне тастап, қолды жуу керек.

Сондай-ақ, адамдар жиі қол тигізетін заттарды үнемі тазалап және дезинфекциялау өте маңызды  – мәселен, есіктің тұтқасы, кран, телефонның дисплейі.

Адам өзін нашар сезінсе, не істеу керек?

COVID-19 симптомдарының спектрін білесіз бе, осыған сөз жеткізіңіз.

COVID-19 ең көп кездесетін белгілері – дене температурасы көтеріледі, құрғақ жөтел және шаршау. Кейбір пациент дәм немесе иіс сезбей қалады, бас, тамақ ауырады, мұрын бітеледі, көз қызарып, диарея болады, теріге бөрітпе шығады.

Аурудың белгілері жеңіл болса да, мысалы, жөтел, бас ауруы, аздап температура көтерілсе, толық жазылғанға дейін үйде оқшаулану керек. Сондай-ақ, дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгініңіз.

Егер үйден шығу керек болса немесе  үйде бірнеше адаммен бірге тұратын болсаңыз, өзгелерге жұқтырмас үшін медициналық маска тағыңыз.

Температура көтеріліп, жөтел пайда болса және тыныс алу қиындаса шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек.

Алдымен учаскелік дәрігерден телефон арқылы көмек сұрап, маманның нұсқауларын орындаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button