БастыҚоғамСаясат

Тоқаев: 8 наурызға орай салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтпейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 8 наурыз мерекесіне орай елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», – деді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты Маңғыстау облысында мәдени шаралар санын барынша қысқарту туралы шешім қабылданғанын хабарлаған едік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button