БастыЭкономика

ҚР АШМ инспекторлары бір тоннадан астам қауіпті мандаринді өртеп жіберді

Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен «Комсток сымыры» зиянкесін жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады.

Карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді.

Сонымен қатар, аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетсек, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқада көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктердің жаппай қурауына алып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button