БастыЭкономика

Жалпы сомасы 200 млрд. теңгеге жуық қаржылық бұзушылықтар анықталды

ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері 2020 жылдың 10 айында жалпы сомасы 872 млрд.теңгені қамтитын 1 595 аудит өткізді.
Өткізілген аудиторлық шаралар нәтижесінде 2 365 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, жалпы сомасы 198,2 млрд.теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жою бойынша 1 411 ұсыным беріліп, оның 1 101 орындалды.

Тауарларды жеткізуді, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындауды қалпына келтіру, бюджетке өтеу және бухесеп бойынша көрсету есебінен жалпы сомасы 172,2 млрд. теңгеге бұзушылықтар жойылды

Тәртіптік жауапкершілікке 1 132 лауазымды тұлға тартылды.

Әкімшілік жауапкершілікке 564 лауазымды тұлға тартылды.
Айыппұл сомасы 94,4 млн теңгені құрады. Бюджетке 86,4 млн. теңге өндіріп алынды

Құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 140,7 млрд.теңгеге 173 материал жолданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button