Басты

Алматыда «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» диалог алаңы өтті

30 қарашада Алматы қаласында онлайн-форматта «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» диалог алаңы өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz 

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ж. Түймебаев, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Е.Шауенов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен жастары, ҚХА қоғамдық құрылымдарының белсенді мүшелері, ғылыми және шығармашылық интеллегенцияның, БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында әлемдік саясаткерлер «Нұрсұлтан Назарбаев: жаһандық ауқымдағы саясаткер» Халықаралық конференциясына қосылып, оның барысында Елбасының мемлекеттіліктің, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуындағы рөлі талқыланды.

Сонымен бірге, этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау нәтижесі бойынша 16 адам маратталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button