БастыСаясат

ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттер ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан делегациясы виртуалды форматта өткен Есірткі құралдары, психотропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығына (ОАӨАҮО) қатысушы мемлекеттер сарапшыларының және Ұлттық үйлестірушілер кеңесінің отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Кеңеске төрағалық етуші қазақстандық тарап 2006 жылы құрылғаннан бері ОАӨАҮО есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі тиімді өңірлік құрылымға айналғанын атап өтті. Осыған орай ол серіктестерді ортақ міндеттерді сындарлы шешуге және Орталықтың сыртқы байланыстарын одан әрі кеңейтуге шақыра отырып, Орталық шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға берік бейілділігін растады.

Іс-шара барысында қатысушы мемлекеттердің өкілдері Орталық қызметінің өзекті бағыттарын, оның ішінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, басқа мүдделі тараптармен ынтымақтастықты кеңейту және әкімшілік-шаруашылық қызмет мәселелерін талқылады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша ОАӨАҮО Ұлттық үйлестірушілер кеңесі қаржылық тұрақтылығын нығайту, серіктестік байланыстарын кеңейту, сондай-ақ Иран Ислам Республикасына Орталықтың жанындағы бақылаушы мәртебесін беру сияқты бірқатар шешімдер қабылдады.

Қазіргі уақытта ОАӨАҮО мүшелері Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан болып табылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button