БастыҚоғам

Түркістан облысында кезекті «сервистік әкімдік» Жетісай ауданында ашылды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында мемлекеттік қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың туындауын болдырмауға бағытталған кезекті «сервистік әкімдік»  ашылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Нысанның ашылу рәсіміне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының  бірінші орынбасары Мирас Қарғабай мен  Жетісай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Асан Маханбетов қатысты.

Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ашылған «сервистік әкімдіктің» мүмкіншілігімен танысқан Мирас Асқарбайұлы Агенттіктің бастамасымен Түркістан облысында мемлекеттік органдардың жұмысы «Open space» форматына көшіріліп, ашық кеңістіктегі жаңа нысан ашықтық пен жариялылықты, сондай-ақ жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алу мүмкіндіктерін қалыптастыратынын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал ететінін тілге тиек етті.

Аудан әкімдігінің аппаратында ашылған «сервистік әкімдікте» 9 дербес бөлімдер, атап айтсақ жер қатынастары, ауылшаруашылық, тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен білім бөлімдері бойынша 80-ге жуық мемлекеттік  қызмет түрлері көрсетіледі және мұнда азаматтарды қабылдау, өтініштерді жедел қарау, құқықтық кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді қолжетімді көрсету мүмкіншіліктері қарастырылған.

Айта кетсек, жыл соңына дейін Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандарда атқарушы билік өкілдері халықпен бетпе-бет отырып қызмет көрсететін халықтық кеңселердің   толық ашылуы жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button