
Соңғы жылдары Сыр өңірінде жатақхана салу қарқын алып келеді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өткен жылы 330 орындық жатақхана пайдалануға берілген. Ал, жыл соңына дейін 475 орындық жатақхана іске қосылмақ. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Kaznovosti.kz хабарлайды.
Өңірде кәсіптік салада білім беретін колледждер өз қаражаты есебінен жатақхана салу ісін бастауда. Жеке кәсіпкер А.Әбенова Қазалы аграрлы-техникалық колледжіне 100 орынға арналған жатақхана құрылысын ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастады. Жеке инвестор құрылыс жұмысын 2021 жылға дейін аяқтауды жоспарлауда.
Сонымен бірге өз қаражаты есебінен 450 млн.теңгеге «Ақмешіт» жеке колледжі 200 орындық жатақхана құрылысын салуды қолға алды. Колледж құрылыс жұмыстарын 2022 жылға аяқтап, ел игілігіне бағыттамақ.
Айта кетейік, Сыр елінде 30 колледж бар. Оның 17-і мемлекеттік, 13-і жеке колледж. Бүгінгі күні барлық колледждерде 19685 студент білім алуда.



