БастыСаясат

Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры тағайындалды

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның ұжымына Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директоры болып тағайындалған Ринат Баутовты таныстырды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұжымға жаңа басшыны таныстыра отырып, министр бағалау саласындағы аккредиттеу экономиканың барлық салаларында үлкен рөл атқаратынын және басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті. Сондықтан ҰАО ұжымының алдында тұрған міндет – сәйкестікті бағалау органдары мен сынақ зертханаларының зертханалық базасын одан әрі жетілдіру, жаңа бағыттарды дамыту және ең бастысы аккредиттеу процестерін цифрландыру.

Ринат Баутов техникалық реттеу жүйесінде 17 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Техникалық реттеу жүйесінде 2003 жылдан бастап «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК заң қызметінің басшысы болып жұмыс істей бастады.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде Кәсіпкерлікті дамыту департаменті техникалық реттеу және метрологияны дамыту бөлімінің бастығы, халықаралық ынтымақтастық және құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде Техникалық реттеу басқармасының бастығы, Ұлттық аккредиттеу орталығының Алматы филиалының директоры болып жұмыс істеді, жеке секторда фармация және құрылыс саласындағы компанияларды басқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button