Қоғам

20 жастағы тәжікстандық ару Dolce & Gabbana брендінің амбассадоры атанды

Тәжікстандық 20 жастағы блогер Мадина Басаева Dolce & Gabbana сән үйінің ресми өкілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ akhbor.com сайтына сілтеме жасап.

Блогер Мадина Басаева 23 ақпанда Миланда өткен Dolce & Gabbana брендінің күзгі-қысқы топтамасының көрсетілімінде подиумға шыққан. Италия қаласында бойжеткен Басаева брендтің негізін қалаушылар Доменико Дольче және Стефано Габбанамен кездескен.

Мадина Instagram мен TikTok-та сән сахнасының сыртындағы қызықтармен бөліскен. Ол көпшілікке модельдерді қалай киіндіріп, бояндырып, шашын жасайтынын көрсетіпті.

Сондай-ақ Басаева TikTok-та подиумға шыққан сәтін оқырмандарына ұсынған.

Мадина Басаева Тәжікстанда туғанымен, үш жыл бұрын Екатеринбургке көшіп кеткен. Ол танымал әндерді фонаграммамен орындауының арқасында асқан танымалдылыққа ие болған.

Жас қыздың YouTube желісіндегі видеолары миллионнан астам қаралым жинаған. Ал Instagram парақшасында 2,8 миллион жазылушы бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button