БастыЭкономика

3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады – Президент

Жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өңірлердегі тұрмыс сапасын жақсарту басты назарымызда болады. Жаңа өңірлік стандарттарға сәйкес, 3,5 мыңнан астам ауыл жаңартылатын болады. Барлық қалалар мен ауылдар сумен қамтамасыз етіледі. 246 елді мекенге газ тартылады. Мұндай елді мекендерде 900 мың адам тұрады. Олардың 350 мыңнан астамы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларының тұрғындары», – деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті 53 тазалау қондырғысын орнату және жаңғырту арқылы еліміздің барлық өңіріндегі ауыз суды тазартуға мүмкіндік туатындығын айтты. Бұл осы саладағы түйткілді мәселенің ұтымды шешімі болмақ.

«Жол құрылысы қолға алынады. Әр ауылға дейінгі барлық жолдар, яғни 27 мың шақырым жол жөндеуден өткізіледі. Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар жылдамдығы жоғары 5G интернетімен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ауылдардың 99 пайызы осындай мүмкіндікке ие болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button