БастыҚоғам

Маңғыстауда 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика іске қосылады

Биыл Маңғыстауда жыл соңына дейін бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандарды ашуды жоспарланып отыр. Солардың бірі – Түпқараған ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика.Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Бұл 5 млрд. теңгенің жобасы, 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтиды. Сондай-ақ, осы ауданда құрама жем зауыты, Жаңаөзенде газ өңдеу зауытына қажетті энергия өндіретін кәсіпорын, Жетібайда жел электрстанциялары ашылады.

​«Бұдан бөлек, құрылысы бірнеше жылға созылған онкологиялық диспансерді де аяқтап, пайдалануға береміз. Ақтауда жұқпалы аурулар ауруханасы, 900 орындық жаңа мектеп, кітапхана мен көпсалалы спорт кешенін ашып, халықтың игілігіне береміз», – деді облыс әкімі..

Басқа жаңалықтар

Back to top button