Бастыпроисшествие

Шымкентте заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұлға сотталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат 1 жылға бас бостандығынан шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы бойынша пәтерді жалға алып, оның бір бөлмесінде заңсыз «покер» ойынын ұйымдастыру фактісін анықтады.

Яғни, ол Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының талаптарын өрескел бұзып, ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға арнаулы рұқсат (лицензия) алмай, ойын залдарын заңда көрсетілген мекен-жайларда орналастырмай, жоғарыда аталған мекен-жайда заңсыз ойын мекемесін ашып, оны ұстап, ұйымдастырып, жүргізумен айналысқан.

Айғақ зат ретінде алынған 100 000 теңге ақша қаражаты – мемлекет пайдасына тәркіленді, покер ойынына арналған диллер тасы және 200 дана казино фишкалары жойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button