БастыСаясат

СІМ-де АҚИҰ-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) бас директоры Ерлан Байдаулетпен кездесті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында АҚИҰ басшысы ү.ж. 28 қазанда Ұйымның Атқарушы кеңесінің өткен отырысының қорытындылары туралы хабардар етті, сондай-ақ ү.ж. 2-3 желтоқсанда Анкарада өтетін АҚИҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы 3-сессиясының күн тәртібімен таныстырды.

Тараптар АҚИҰ-ның бірқатар флагмандық бағдарламалары мен жобаларының мазмұнына назар аударып, ү.ж. 27-28 қарашада Ниамей қаласында (Нигер Республикасы) өткізілуі жоспарланған Ислам ынтымақтастық ұйымға қатысушы елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 47-ші сессиясы күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button