Басты

Қамауға алынған Тұрсын Қабдолданов қазіргі уақытта ҚР АШМ қызметкері емес

Бүгін БАҚ-та Экономикалық тергеу қызметі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолдановтың қамауға алынғаны туралы қате ақпарат жарияланды, деп жазды Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында.

Ведомство өкілі Тұрсын Қабдолдановтың Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде қызмет атқармайтынын атап өтті.

“Денсаулығына байланысты 2020 жылдың қазан айында ол өз еркімен жұмыстан кеткен. Сонымен қатар, журналистер жазып отырған отандық ірі қара малға диагноз қою туралы бұйрық 2017 жылы қабылданып, сол кездегі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен келісілген. Бұл сұрақтармен құқық қорғау органдары айналысатын болады”, – деді Ж.Омархан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button