Бастыпроисшествие

Шекарашылар арнайы шара барысында браконьерлерден 41 итбалық тапты

Қазақстан Республикасының Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық түрлерінің сақталуына бағытталған шараларды әрі қарай іске асыруда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы қазан және қараша айларында Каспий теңізінің акваториясында браконьерлік әрекеттердің жолын кесу және акваториялық ресурстарын күзету бойынша  РФ ФҚҚ ШҚ бірлескен жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында шекаралық кеңістікте 111 бұзушы, оның ішінде 20 шекаралық режимді, 89 аймақтық және ішкі сулардың және балық аулау ережелерін бұзған 2 бұзушыны құрықтады.

2,66 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды.

5 жүзбелі құрал, 9 қозғалтқыш, 281  астам шақырым браконьерлік ұстау құралдары, 71 басқа аулау құралдары олардың ішінде: 1573 дана (7,8 мың.кг) бекіре тұқымдас балықтары, 4 719 (4,6 мың. кг) дана әр түрлі тұқымдас балықтар, сонымен қатар 41 итбалық тәркіленді.

Каспий теңізінде Шекара қызметінің іс-қимыл қорытындысы бойынша   әр түрлі биологиялық ресурстардың 2 млрд теңгеден астам шығынының алды алынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button