БастыҚоғам

ШҚО-да бірнеше ауыл мектебінде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты бірнеше ауыл мектебінде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Риддерде сынап бағанасы минус 26 градусқа дейін төмендеп, жел екпіні секундына 5 метрге жетті. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Бутаково және Поперечныйда 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайтын болды.

Бородулиха ауданында ауа температурасы минус 28-30 граудсқа дейін төмендеді.

Сонымен қатар, Пятилетка, Песчанка, Жерновка, Букутово ауылдарында бірінші ауысымның бастауыш сыныптары үшін сабақ тоқтатылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button