БастыҚоғам

Түркістан: Адал қоғамды қалыптастыру-ақпараттық-ағартушылық штабының негізгі мақсаты

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері киелі өңірде халықпен тең отырып тілдесуді және сол арқылы тұрғындар арасында адалдық, әділдік құндылықтарын кең көлемде дәріптеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

Бүгін игі мақсатқа құрылған кезекті кездесу облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаевтың және Кентау қаласы әкімінің орынбасары Бегайдар Алимбетовтың қатысуымен Кентау қаласында орналасқан «Кентау трансформатор зауытында» өткізіліп, қоғамда адалдық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мақсатты жиынның негізгі мақсаты – қоғам індетінің алдын алу және билік пен бұқара арасында, кәсіпкерлік пен бизнес ортада сенім атмосферасын қалыптастыру.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев адалдық пен ашықтық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттары мен міндеттерін ортаға салып, бармақ басты, көз қысты әрекеттердің ел экономикасына тигізер залалы мен зарбадын түсіндірді.


Сондай-ақ, Агенттіктің бастамасымен ел аумағында бизнес ортаны дамыту мақсатында әкімшілік кедергілерге жол бермеуге және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бағытталған «Protecting Business and Invesments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасы Департаментпен Түркістан өңірінде жүйелі негізде жүзеге асырылып жатқандығын баяндап, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға айрықша басымдық берілгендігін жеткізді.

Кездесу соңында қызметкерлердің талап-тілегі мен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді. Айта кетсек, Түркістан облыстық ақпараттық-ағарту Штабы 2019 жылдың 25 желтоқсан күні құрылып, оның құрамына облыстың зиялы қауым өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ге жуық азамат енген болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button