БастыСаясат

Шымкент қаласының қоғамдық кеңесінде әлеуметтік салалардың есебі тыңдалды

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Жиында Шымкент қаласының білім, тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының 10 айда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы жобасын ұсынды. Бұл бағытта 8 ай зерттеу жұмыстары жүргізілген. Шаhарда бұл саланы дамытуда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева саладағы бірқатар өзекті мәселелерден хабардар етті. Білім саласында кадр даярлау, білім сапасын арттыру, тағы басқа мәселелерді шешу жолдарына тоқталып өтті.
Тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов саладағы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.
Кеңес мүшелері білім саласында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстарға баса назар аудару қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, қоғамдық көліктегі мәдениетті көтеру, жастарды арендалық тұрғын үймен қамтудағы бірқатар мәселелер талқыға түсті.
Сондай-ақ, мәжілісте Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов, зейнеткер Жанзақ Әлібеков, Т.Тәжібаев атындағы №81 жалпы орта мектебінің директоры Шадия Жиенова, «Қалалық перзентхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Мадина Кенжебаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев және «Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлер одағының» төрағасы Ғалымжан Майханов Кеңес құрамына қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button