БастыСаясат

БҰҰ өкілі Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимыл қызметін жоғары бағалады

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бейнеконференция байланысы режимінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – Контртеррористік басқарманың басшысы Владимир Воронковпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар контртерроризм саласындағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі жоспарларды, оның ішінде Қазақстанның бастамасы бойынша әзірленген Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін мінез-құлық кодексін ілгерілету, сондай-ақ әскери қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды, бірінші кезекте балаларды оңалту және қайта интеграциялау бойынша қазақстандық озық тәжірибені ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

БҰҰ өкілі еліміздің халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін және азаматтарымызды Сирия мен Ирактан қайтару жөніндегі «Жусан» және «Русафа» гуманитарлық операцияларының қорытындыларын жоғары бағалады.

Қазақстан Орталық Азияда БҰҰ Жаһандық терроризмге қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-қимыл жоспарының Төртінші фазасын әзірлеуде және іске асыруда белсенді қатысуға, сондай-ақ БҰҰ Алматы хабы негізінде өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуға ниетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button