Басты

Елордада әлеуметтік кәсіпкерлік ұйымдарының саны төрт есе өсті

Бүгінгі таңда елордада әлеуметтік кәсіпкерлік бағытында тиімді жұмыс істейтін сегіз ұйым жұмыс істейді. Осы бағыттың маңыздылығын ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Қ.Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атап өткендей, әлеуметтік кәсіпкерлік – мемлекет те, бизнес те, үкіметтік емес ұйымдар да дамудың маңызды секторы. Оның маңызды бөлігі «Әлеуметтік кәсіпкерлік туралы» заңды әзірлеу қажеттілігіне арналды, бұл үшін сіздерден бастамаларды жетілдіруде қоғам игілігіне қызмет ететін әлеуетті ұсыныстар мен идеялар күтеміз. Осыған орай, iQala жобасы аясында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет», – деді Бақтияр Мәкен.

Естеріңізге сала кетейік, iQala қалалық қызмет көрсету орталығы өткен жылы ашылған болатын. Онда кәсіпкерлер барлық анықтамалар мен рұқсаттарды бір терезеден алады.

Айта кетейік, ақпан айында елордада азаматтық бастамалар мен әлеуметтік бағытталған коммерциялық емес ұйымдарды қолдау мақсатында Азаматтық бастамалар орталығы құрылды. Орталық ҮЕҰ-ны дамыту мен нығайтуға көмектеседі, елорда тұрғындарын қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу процестеріне белсенді қатыстырады.

Орталықтың қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар негізінен ерекше балалар тәрбиеленетін отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары, көпбалалы отбасылар өмірін жақсартуға қатысты. Сондай-ақ экологиялық мәселелер, инклюзивті білім беру, ұлттық бірегейлікті жаңғырту жөніндегі идеялар жүзеге асырылуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button