БастыСаясат

СІМ басшысы Дін бостандығын ілгерілету бойынша ІІІ министрлік конференциясында сөз сөйледі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Польша Сыртқы істер министрі Збигнев Рау және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның төралағымен бейнеконференция форматында өткен Дін немесе сенім бостандығын ілгерілету жөніндегі ІІІ Министрлік конференциясына қатысты, деп хабарлайды Kazovosti.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр өз сөзінде Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық толеранттылық дәстүрлерін және азаматтардың діни бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің тұрақты жұмысын атап өтті. «Бейбіт түрде қатар өмір сүру, өзара құрмет пен төзімділік – біздің мәдениетіміздің бір бөлігі», – деп атап өтті М. Тілеуберді.

Ол сондай-ақ 2003 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты маңызды және беделді алаңның Қазақстанда және бүкіл әлемде конфессияаралық диалогты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың арқасында біздің еліміз 18 конфессия мен 100-ден астам этнос өкілдерінен тұратын 3800-ден астам діни бірлестіктер үшін қауіпсіз және жайлы үйге айналды.

Дін бостандығын ілгерілету жөніндегі Министрлік конференция 2018 жылдан бастап АҚШ бастамасы бойынша өткізіліп келеді және дін саласында жұмыс істейтін азаматтық қоғам институттары мен ұйымдардың діни сенім бостандығын қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button