Басты

Әбілқайыр Сқақов Павлодардағы түнгі қар тазалау жұмыстарын тексерді

12-сінен 13 қарашаға қараған түні Павлодар облысының әкімі облыс орталығының көшелерін аралап, қаланы қардан тазартып жатқан коммуналдық қызметкерлермен сөйлесті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Түн ортасына қарай мердігер ұйымдардың жұмыскерлері басты жолдарды тазалады. Назарбаев даңғылы мен Торайғыров көшесінің қиылысында Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям түнгі қар жинау жұмыстарына 48 трактор тартылғанын айтты.
– Олар Назарбаев даңғылы, Торайғыров, Мир, Ломов, Естай және т.б. көшелерімен жүріп өтті. Таңертең жолдың қатып қалмауы үшін қар жиналған жерлермен құм шашқыштар жүріп өтеді. Таңға жақын – түнгі үштен кейін 80 бірлік самосвал мен жүк тиегіш көшеге шығады, – деп хабарлады қала басшысы.
Толстой және Бөкейхан көшелерінің қиылысы маңында Әбілқайыр Сқақов коммуналдық қызметкерлермен әңгімелесті. Олар сағат 19.00-де ауысымға шыққандарын және таңертеңге дейін жолда болатындарын айтты.
Усолка шағын ауданында түнде Ткачев көшесі тазаланды. Мердігер ұйымның қызметкерлері жол шетінде қалған көліктердің қар тазалауға бөгет жасап тұрғанын айтып, шағымданды.
– Олар бізге кедергі келтіреді, арнайы техниканың өтуіне жол бермейді. Басқа ешқандай проблема жоқ, қазір қар жауып тұрған жоқ, бұл жұмысты жеңілдетеді, – деді «Горкомхоз Павлодар» ЖШС қызметкерлері.
Өңір басшысы тұрғындарды алдағы қар жинау жұмыстары туралы алдын ала хабардар ету қажеттігін атап өтті.
Лермонтов көшесінде «Холдинг-Транс-Павлодар» ЖШС жұмыскерлері 13 трактормен жұмыс істеді, тағы төрт трактор тротуарларды тазалауға жұмылдырылды. Мердігерлер таңертеңге дейін қарды жинап үлгереміз деп сендірді. Әбілқайыр Сқақов коммуналдық қызметкерлердің жұмысына ең алдымен қала тұрғындары баға беретінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button