БастыҚоғам

Мыңға жуық жолаушыға Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына кіруге рұқсат берілмеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта Павлодар облысындағы шектеу іс-шараларының нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап Kaznovosti.kz.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтың айтуынша, өткен жұма күннен бастап Павлодар облысы коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа енген болатын. Сол себепті 9 қарашадан бастап облыста карантин күшейтілген.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен мониторингтік топтар саны біршама артып 180-ге жетті. Айталық, өткен аптада олардың саны 25 болатын. Топтар өңіріміздің барлық елді мекендері мен ауылдық округтерінде пайда болды. Олардың үштен бірі қоғамдық көліктегі санитарлық ережелердің сақталуын қадағалайды», – дейді Сәкен Шаяхметов.

19 қазаннан бастап мониторингтік топтар эпидемиологиялық режимді бұзғандарға қатысты жалпы құны 15 млн теңгеге айыппұл тақты. Өткен апта ішінде айыппұл көлемі алты миллион теңгені құрады.

Облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов атап өткендей, облысымызда жұмысын бастаған 12 блокпостан жалпы саны 20 мың көлік және 40 мың жолаушы жүріп өткен. 1000 адамға жуық жолаушыға Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына кіруге рұқсат берілмеді. Оған себеп жолаушылардың анықтамалары болмаған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button