Басты

Петропавл қаласындағы блокбекеттерден кімдер өте алады?

Петропавл қаласының әкімдігі қалаға қандай жағда және кімдердің кіруіне рұқсат берілгенін жариялады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
Қалаға кіре алатын адамдар:
  • Жұмысқа бара жатқан азаматтар (аудандық әкімдіктің берген тізіміне сәйкес);
  • Медициналық көрсеткіші бойынша келетін азаматтар;
  • Халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ұйым қызметкерлері, авариялық-құтқару және жедел жәрдем көліктері, ветеринариялық және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысатын мамандар, жол жөндеу жұмыстары, апатты және санитарлы-эпидемиологиялық қызметтер, алғашқы қажеттілік тауарларды, азық-түлік, дәрі-дәрімек, жанармай жеткізушелір («Сергек» базасына еңгізілгендер)

Петропавлға кіру үшін қандай құжаттар қажет?

  • Ем қабылдау үшін медициналық жолдама не болмаса медициналық мекемеден көшірме;
  • Мемлекеттік тіркеуден өткенін растайтын құжат және мөрмен бекітілген жұмыс орнынан анықтама (аталған азаматтар Петропавл қалалық әкімдіктің тізіміне еңгізілуі қажет);

Петропавлға азаматтар басқа да себептермен кіре алады ма?

  • КВИ анықталмауы жайындағы анықтамасы арқылы кіре алады (анықтама қағазының мерзімі 3 күн), 5 жасқа дейінгі балаларды ескермеген жағдайда.

Сонымен қатар, қалалар мен аудандар арасындағы автобустар мен автовокзал жұмысы тоқтатылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button