Басты

Түркістан облысының Төле би ауданы биыл толық газбен қамтылады

Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қалған жеті елді мекен: Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарыққа көгілдір отын кіреді. Сондай-ақ, Достық елді мекені Астана көшесінің, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе және Қорған көшесінің, Қарақия елді мекені Қарақия көшесінің тұрғындары жуық арада табиғи газдың игілігін көрмек.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жасауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Биыл газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Нәтижесінде аудан тұрғындары толығымен 100% көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button