Басты

Қызылорда облысының полиция инспекторларына 20 қызметтік көлік табыс етілді

Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторларына 20 қызметтік көлік табыс етілді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бүгін тәртіп сақшыларына жаңа автокөліктердің кілті табыс етілді. Жол талғамайтын тұлпарлар учаскелік полиция инспекторларының иелігіне берілді. 20 автокөлік тұтастай заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Су жаңа көліктер ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпті сақтап жүрген полицейлер қызметінің сапасын арттырып, облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізетіні анық.

«Учаскелік полиция инспекторларын қажетті техникамен қамтамасыз етіп, мәртебесін көтеру – Президенттің және Ішкі істер министрінің “қолжетімді полиция” қағидаты бойынша нұсқауын сапалы және уақтылы орындауға мүмкіндік береді», – деді Департамент бастығы Бектөре Жеңісбайұлы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button