Басты

Алматыда аудан әкімдері Open space офистерінде жұмыс істейді

Алматыда азаматтар үшін мемлекеттік органдарды ашық және қолжетімді ету мақсатында «Сервистік әкімдіктер» жобасы жүзеге асты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Open space форматында азаматтарға ең қажетті мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңестер беріледі. Ашық кабинеттерде азаматтарды аудан әкімдері мен оның орынбасарлары қабылдайды. Карантинге байланысты кездесулер онлайн форматта өтеді. Қала тұрғындарын абаттандыру, ТКШ, жолдар мен аулаларды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік, жарықтандыру мен сумен жабдықтау мәселелері толғандырады», – деп жазды Instagram-дағы өзінің парақшасында Алматы әкімінің баспасөз хатшысы.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп жүзеге асырылған жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтарға ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, кедергісіз ортаны қалыптастыру.

«Мемлекеттік қызметтерді алу процесі тұрғындар үшін барынша жеңілдетілген әрі ыңғайлы болып отыр. Бұл – ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына сәйкес келеді», – деп атап өтті Ә. Мұқажанов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button