БастыҚоғам

Атырау облысының әкімі азаматарды онлайн қабылдады

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Бірқатары тұрғын-үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.



Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Сондай-ақ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді. Өңір басшысының азаматтарды онлайн қабылдауына қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button