БастыҚоғам

Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өткізілуде

2020 жылғы 5-6 қараша аралығында елімізде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.

Жаттығудың басшылық штабы ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығының  ахуалдық залында орналасады.

«Қыс-2020» жаттығуы аясында республика бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар жүргізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button