БастыҚоғам

ШҚО-да биыл көпбалалы отбасылар үшін 204 жеке тұрғын үй салынады

ШҚО-да биыл көпбалалы отбасылар үшін 204 жеке тұрғын үй салынады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Қазіргі таңда жеке инвесторлар есебінен кейіннен сатып алу құқығымен жалпы ауданы 18,7 мың шаршы метр болатын 199 пәтерлік 110 үйдің құрылысы аяқталды.Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы жанұялар үшін ағымдағы жылы жалпы ауданы 38,4 мың м2 болатын 404 пәтерлік 217 бір қабатты үйдің құрылысы басталған. Қазіргі уақытта 110 үйде жұмыс аяқталды. Жыл соңына дейін қосымша 94 үй салынады, қалған 13-тің құрылысы 2021 жылы аяқталады.

«Басқа аудандар Аягөз ауданынан үлгі алуы тиіс. Аудан әкімі қызметіне кірісе сала, дереу 50 үйдің құрылысын бастады. Бұған дейін мұндай жұмыс жүрген емес ауданда. Бұл өте қуантарлық жайт. Жалпы, көпбалалы отбасыларға арналған үйлер жарық әрі жайлы болуы тиіс», -деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Жыл соңына дейін 174 пәтерлік 94 үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, бірнеше әлеуметтік нысандар да биыл пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Аягөз қаласындағы және Көқпекті ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Мақаншы ауылындағы балабақшаның, Шар қаласындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Басқаларының құрылысы мерзімінде аяқталуы тиіс.

Келесі жылы көпбалалы және басқа да санаттағы азаматтар үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс көлемі үш есе ұлғаяды. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, 110,6 мың шаршы метрлік 1135 пәтерлік 665 бір қабатты үйдің құрылысы басталады. Жалпы, биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіш 117% өсіммен 519,3 мың м2 құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button