БастыҚоғам

Елдегі орын алатын төтенше жағдайлардың 92%-ын өрттер құрайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Елдегі қазіргі жағдай туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин баяндады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Министрдің айтуынша, елдегі орын алатын төтенше жағдайлардың 92%-ын өрттер құрайды. Жылу беру кезеңінде жағдай ушығып кетеді. Пандемияны ескере отырып, биыл жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталды.

«Қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт орын алды. Өрт санының өсуі Шымкент қаласында, Алматыда, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Қаза болғандар саны Жамбыл облысында 4 жағдай, Алматы қаласында – 3 және Павлодар облысында – 2 жағдай. Жарақат алғандар Қостанай облысында 6, Нұр-Сұлтан қаласында 4,5 рет және Қарағанды облысында 2,2 рет», — деді ведомство басшысы.

Оның сөзінше, былтырғы тәжірибенің негізінде тұрғын үй секторында жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.

«Жылу беру маусымы басталғанға дейін аралап шыққан халық арасындағы әлеуметтік-осал топтардың 118 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды. Өңірлік әкімдіктермен, ішкі істер органдарының, әлеуметтік қамту, білім беру және денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп 87 мыңнан астам үйге немесе 74% аралап тексерулер жүргізілді. Оның ішінде 9%-ға жуығы – бұл дегенің 10 мыңнан астам үй өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұза отырып пайдаланылуда, олар ЖАО-ның бақылауына алынды», — деп нақтылады Ю. Ильин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button