БастыҚоғампроисшествие

Венадағы теракт кезінде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ – СІМ

Венадағы терактілерде Қазақстан азаматтары зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Kaznovosti.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде» делінген хабарламада.

Қазақстанның Аустриядағы елшілігінің алдын ала ақпаратына сәйкес, қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында ҚР азаматтары жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Аустрия астанасы Венада лаңкестік шабуыл болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button