Басты

ТМД елдері құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесіне көшуді жоспарлауда

Жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесі бизнес-құрылымдарға ТМД елдерінің құрылыс саласындағы процестерді біріктіруге мүмкіндік береді. Халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестірілген ұлттық стандарттарға негізделген ақпараттық негіз құру жоспарлануда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мақұлдау және одан әрі қабылдау барысында ТМД-ға қатысушы елдердің құрылысшылары үшін бірыңғай болуы мүмкін құжаттар бар. Атап айтқанда, «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Құрылыстағы жіктеу және кодтау принциптері» мемлекетаралық стандарты жобасы туралы сөз болып отыр.

Осы құжаттардың редакциялары және одан әрі мақұлдау және қабылдау мәселелері ТМД-ға қатысушы елдердің құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия отырысында талқыланды.

Отырыс ағымдағы жылдың 29 қазанында Комиссия жетекшісі Александр Шахновичтің төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Құрылыста жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) енгізу қажеттілігі мойындалды және осы мәселені жоғары мемлекетаралық деңгейде қарауға шығару туралы шешім қабылданды. 2019 жылы ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесі құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін әзірлеудегі Қазақстанның оң тәжірибесі атап өткен болатын.

Қазақстандағы ҚЖКБЖ әзірлеумен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мамандары айналысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button