Бастыпроисшествие

Қарағанды облысында 8 вагон темір жолдан шықты

2 қарашада сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы темір жол аралығының 27 шақырамында кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұптары жолдан шықты, оның екеуі аударылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Оқиға салдарынан 150 метр темір жол төсеміне зақым келген. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ. «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде»,- делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button