БастыСпорт

Қарағандыда Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы құрылды

Қарағандыда ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық қауымдастық құруға қатысты отырыс өтті. Оған облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев және Ұлттық спорт түрлері бойынша мамандар қатысты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Кездесуге қатысушылар жаңа ұйымның басшысы болып Қарағанды облысы сотының төрағасы Нұрсерік Шәріповты бірауыздан таңдады.

Жаңа қауымдастықтың құрамына қазақ күресі, ат спорты түрлері, тоғызқұмалақ, асық ату, саятшылық және т. б. кіреді.

Отырыс барысында жаңа қауымдастық төрағасы өз жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, ол өңірде жаңа ипподром салуға ықпал етуге ниетті екенін атап өтті.

Өз кезегінде СжДШБ бастығы Темірхан Абылаев жаңа құрылым Қарағанды облысындағы ұлттық спорт түрлерінің дамуына өз үлесін қосатынына сенім білдіріп, қауымдастық басшысына табыс тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button