Басты

Энергия үнемдеу шараларын енгізудің жылдық нәтижесі 28,2 млрд. теңгені құрады

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандары 2019 жылы Қазақстанда энергия үнемдейтін технологияларды енгізудің нәтижесін есептеді. Оның көрсеткіші 28,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ қызметі шеңберінде кәсіпорындардың мемлекеттік энергетикалық тізілімі (МЭТ) жүргізілуде, оған жылына 100 тоннадан астам шартты отынды тұтынатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ жылына 1500 тоннадан астам шартты отынды тұтынатын бизнес субъектілері енгізілген. Мұндай субъектілер, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, мемтізілімде 20 533 тіркелген.

Энергия үнемдеу саясатының негізгі құралы-МЭР болып табылады.

2018 жылы энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу арқылы энергия тұтынуды төмендетуден алынған жылдық үнемдеу 27 млрд теңгені құрады. МЭР-дің 472 субъектісі энергия тиімділігін арттырды. Нәтижесінде, ЖІӨ энергия сыйымдылығының көрсеткіші 2018 жылы 2008 жылғы деңгейден 21,6% – ға төмендеді. 2013 жылдан бастап МЭТ субъектілері 302,2 млрд теңге инвестиция тартты.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ энергия сыйымдылығының көрсеткіші қаншалықты төмендегенін мамандар 2020 жылдың қорытындысы бойынша ғана айта алады.

МЭТ субъектілерінің энергия ресурстарын жалпы тұтынуы 2019 жылы 61,1 млн ш.о.т. құрады, бизнестің үлесі – 59%, квазимемлекеттік сектор мекемелері – 39%, мемлекеттік мекемелер – 2%.

Мемлекеттік энергетикалық тізілімді жүргізу энергия тұтынудың өсуін/төмендеуін, кәсіпорындардың энергия үнемдеу технологияларын енгізу жоспарларын іске асыруын бақылауға, жыл сайынғы талдау мен энергия аудитін жүргізуге, сондай-ақ болжамды көрсеткіштерді жинауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button