Басты

«Бәйтерек» жобасы бойынша келісімге қол қойылды

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусиннің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Д. Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамытуды талқылады. «Бәйтерек» («Назарбаев старты»), «Гагарин старты» жобасы бойынша мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Рәсім шеңберінде «Бәйтерек» ҒЗК құру бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшартқа қол қойылды, оған өз кезегінде «ЦЭНКИ» АҚ Бас директоры Андрей Охлопков және ««Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ Бас директоры Қуат Мұстафинов қол қойды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button