БастыЭкономика

ЕАЭО-та өзара саудадағы тауарлар айналымына фискалдық бақылау тетігі әзірленуде

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында фискалдық бақылау тетігін енгізу мәселелері белсенді талқылануда, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Фискалдық бақылау тетігін қалыптастырудың мақсаты ҚҚС нөлдік мөлшерлемесін автоматты түрде растау, жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің электрондық форматына көшу және ЕАЭО өзара саудасында тауарларды өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады»,- делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламады.

Әзірленіп жатқан тетік ҚҚС – ның нөлдік мөлшерлемесін қолдануды растау және тауарлар экспорты кезінде ҚҚС-ын қайтару рәсімін оңайлатуға, сондай-ақ ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің салық органдары арасында өзара ақпарат алмасу арқылы бизнеске әкімшілік жүктемені айтарлықтай төмендетуге тиіс.

Қазақстандық тарап фискалдық бақылау тетігін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың (ТІЖ) жұмыс тетігін таныстырды. Тараптар қазақстандық тәсілді тұжырымдамалық түрде қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 9 қазанда өткен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі А.Ұ. Мамин «ЕАЭО цифрлық интеграциялық платформасы және ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің салық және кеден органдарының кеңейтілген электрондық өзара іс-қимылы арқылы өзара саудадағы салықтарды әкімшілендіруді цифрландыру мәселесін пысықтауды» ұсынған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button