БастыҚоғам

Kaspi банк клинеттерінің жоғалған ақшасына қатысты пікір білдірді

Kaspi банк клиенттерінің ақшасы шоттарында сақталған. Банктың қосымшасында техникалық ақаулар орын алған, деп хабарлайды Kaznovosti.kz.

«Өкінішке қарай, Kaspi.kz-те техникалық ақаулар болды. Карта арқылы төлем жасау, банкоматтардан ақша шығару және толтыру, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдары уақытша істемейді. Біз мүмкіндігінше тезірек бәрін түзету үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деп атап өтті банкте.

Еске салсақ, бүгін таңертен қазақстандықтар шоттарындағы ақшаларының жоғалғанына шағымданған. Желіде банктың кибершабуылға ұшырағаны туралы ақпараттар таратылып жатыр.

«Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі», – деді Kaspi.kz өкілдері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button