
Қазақстанда кинотеатрлар Атырау мен Ақтауда ғана ашылды. Бұл туралы Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры Ерлан Бұхарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kaznovosti.kz
«Жаңа қаулыға сәйкес Атырау мен Ақтауда Kinoplexx ашуға рұқсат етілді. Бұл екі қалаға 26 қазаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 30 пайыз отырғызумен жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат етілген», деді Kinopark-Kinoplexx компаниясының PR-директоры.
Ерлан Бұхарбаев кинотеатрлардағы билет құны 1000-нан 3000 теңгеге дейін екенін айтты.