БастыДенсаулық

Бағдат Қожахметов соңғы 2 аптадағы індет жұқтыру дерегін салыстырмалы түрде ұсынды

Елімізде індет жұқтыру жағдайы азайып келе жатыр. Бұл туралы  Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

«Соңғы 2 аптадағы жағдайды салыстырмалы түрде жеткізсем, тамыздың 3-9-ы аралығында коронавирусты 7 108 адам жұқтырған. 222 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 7 940 жағдай тіркелген. 122 адам көз жұмды», – деді Бағдат Қожахметов.

Ресми өкілдің айтуынша, тамыздың 10-16-сы аралығында жағдай біршама өзгерді.

«Яғни, соңғы аптада COVID-19 вирусын 3 995 адам жұқтырды. 151 адам қайтыс болды. ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен 5 344 жағдай тіркелді. 64 адам қайтыс болды. Осы аталған кестеге қарап, елімізде індет жұқтыру жағдайы азайып келе жатқанын байқауға болады», – деді Бағдат Қожахметов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button